23:10, 04 Қазан 2015 | GMT +5
Елбасымыз әлем үшін пайдалы идеяларды көтере білді - З.Айтуарова
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары бүкіл әлемдік қауымдастық үшін пайдалы, деп есептейді Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының директоры Зәуре Айтуарова.
«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында сөйлеген сөзінде идеяларының әлем үшін пайдалы екенін кезекті рет дәлелдеді, нақтырақ айтқанда, бұл - соғыстар мен жанжалдардан арылудың жолы - Жаһандық Стратегиялық Бастама Жоспары-2045 және «Жаңа болашақ» Концепциясы, өзгерістің нақты қадамдары, әлемнің басқа елдерінде де ядросыз аймақтарды, халықаралық лаңкестік пен экстремизмге қарсы бірыңғай әлемдік жүйе құру қажеттілігі», - деп есептейді З.Айтуарова.