Елбасының әлеуметтік-еңбек салаларына қатысты тапсырмалары қаралды

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Елбасы Н.Назарбаевтың ҚР Президенті қызметіне кірісу салтанаты барысында және таяуда өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында
None
None

жүктеген әлеуметтік-еңбек салаларына қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру барысы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді. Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Алқа мәжілісі отырысы бейнеконференция форматында өтіп, оған Министрліктің, Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің, бағынышты ұйымдардың және аумақтық органдардың басшылары, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары қатысты.

Жиын барысында министр Гүлшара Әбдіқалықова баяндама жасады. Баяндама барысында министр жаңадан қабылданған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесіне ерекше тоқталды. Барлық лауазымды тұлғаларға бағдарламаны жүзеге асыруды толық әрі уақтылы қамтамасыз ету мақсатында бар мүмкіндікті пайдаланып, жұмыс істеуге тапсырма берді. Бүгінгі таңда бұл ел халқының әл-ауқатына, әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін министрліктің алдына қойылған маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Аумақтық департамент басшыларына прокуратура органдарымен және әкімдіктермен бірлесе отырып, жұмысшылардың жалақы қарыздарын болдырмау бойынша түбегейлі шаралар қабылдау мәселесі алға қойылды. Сонымен қатар сыбайлас-жемқорлықпен күрес мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді.

«Министр барлық жетекшілерге өздерінің қарамағындағы қызметкерлердің, жүйенің салалық бөлімшелерінің жұмысына дербес жауап беретіндігі жөнінде ескертті. Алқа мәжілісі қорытындысы бойынша бірқатар тиісті шешімдер қабылданды», - делінген ведомство ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар
Референдум