Елбасының Алматы облысына сапары жалғасуда

Одан кейін Президент су тасқынынан кейін қалпына келтірілген Қызылағаш ауылына баруды, күрделі жөндеуден өткен Ілияс Жансүгіров атындағы мектептің, 120 орындық балабақшаның, ауылдық дәрігерлік амбулатория мен Мәдениет үйінің ғимараттарын аралауды жоспарлап отыр.
Нұрсұлтан Әбішұлы сонымен бірге Алматы-Өскемен республикалық тас жолында Қызылағаш өзені арқылы салынып жатқан негізгі көпірдің құрылысымен таныспақ. Бүгін сондай-ақ, Қызылағаштағы қайғылы оқиғаның құрбандарына арналған ескерткіштің ашылу рәсімі болады.
Естеріңізге сала кетейік, бейсенбі күні Елбасы Алматы облысына жұмыс сапарының аясында Талдықорғанға ат басын тіреп, десанттық-шабуылдаушы бригада мен авиациялық базада, физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев зияткерлік мектебінде», Тілдер сарайы мен Достық үйінде болды.