11:15, 13 Қазан 2016 | GMT +5
Елбасының денсаулық жағдайы айтарлықтай жақсарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысынан кейін депутат Дариға Назарбаева Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы айтып берді.

«Қазіргі кезде Президенттің денсаулығы айтарлықтай жақсарды»,-деді Д. Назарбаева тілшілердің сұрағына жауап беру кезінде.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салқын тиіп, сырқаттанып қалуына байланысты ем қабылдап жатқандығын хабарлаған еді.
«Салқын тиіп сырқаттанып қалуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ем қабылдауда», делінген хабарламада.