17:47, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Елбасының Францияға жасайтын жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Бірлескен декларацияға қол қойылады деп күтілуде
ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгін, қыркүйектің 19-ы күні Францияға жасайтын жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Бірлескен декларацияға қол қойылады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Францияның басшысы Николя Саркозидің арнайы шақыруымен Парижке барған Елбасы екі жақты келіссөздер өткізіп, президенттік комиссияның жұмысына қатысады. Тараптар саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылап, аймақтық және халықаралық сипаттағы проблемаларды пысықтайтын болады. Сапардың қорытындысы бойынша Бірлескен декларацияға қол қойылады деп күтілуде.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 17 қыркүйек күні Атырау әуежайынан Францияға жүріп кетті. Мемлекет басшысының Француз Республикасына жұмыс сапарының бағдарламасында Франция Президенті Николя Саркозимен кездесу көзделген.