Елбасының Иорданияға ресми сапары жалғасуда

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сапар бағдармасына сәйкес Мемлекет басшысы бүгін Король Абдалла II-нің атындағы өндірістік-конструкторлық бюроның индустриялық паркіне барып, онда жеңіл көлікті қайта жаңғыртатын зауыттың жұмысымен танысады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Иорданияға кеше келді. Сапар аясында Қазақстан Президенті «Әл Хуммар» сарайында Иордан Хашимиттік Королі Абдалла ІІ бен Хусейнмен кездесті. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастардың перспективасы, атап айтқанда сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Мемлекет Басшысы Иордан Хашимиттік Корольдігінде басталған Қазақстанның мәдениет күндерінің ашылу салтанатына қатысты.
Бұл - Нұрсұлтан Назарбаевтың Иордан Хашимиттік Корольдігіне жасап отырған екінші ресми сапары. Президент бірінші ресми сапарын 2006 жылғы қарашаның 29-30-ы күндері жасаған болатын.