Елбасының Қарағанды облысындағы жұмыс сапары жалғасуда

АҒАНДЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды облысында жұмыс сапары жалғасады.
None
None

"Сапарының екінші күні Елбасы Қарағандыдағы «Эргономика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, аймақтағы энергия үнемдеуші технологиялардың енгізілу үдерісімен танысады", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Одан кейін Президенттің қатысуымен жаңа заманауи Қан орталығының ашылу рәсімі болады. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында салынған бұл нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 2,7 миллион теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2008 жылы басталған. «Қан орталығы жоғары технологиялық диагностикалық жабдықтармен, сондай-ақ қан мен оның компоненттерін сақтауға арналған заманауи терможабдықтармен жарақталған», - деп хабарлады әкімдіктен.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс сапарының бірінші күні Н.Назарбаев Қорғаныс министрлігіне қарасты бірқатар нысандарын аралаған болатын. ҚР Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қарағанды әскери гарнизонының жауынгерлік дайындығымен және инфрақұрылымымен танысты. Президент әуе базасында және резервтегі әскери қызметкерлер дайындалатын «Спасск» оқу орталығында болды. Спасск полигонында Елбасы тактикалық жаттығуды тамашалады.

Соңғы жаңалықтар