09:20, 16 Наурыз 2009 | GMT +5
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығының маңызды проблемалары көтеріліп отыр
АҚТӨБЕ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Біздер, ауыл тұрғындары Елбасының биылғы Жолдауына ерекше қуаныштымыз.
Биылғы Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы өзекті мәселелерді көтеріп отыр, деп санайды экономикалық ғылымдар кандидаты, ақтөбелік Тәжірибелік стансаның директоры және «Степное» шаруа қожалығының басшысы Аманқос Төлеуов.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісімен, оның ішінде қайта өңдеу ісімен де айналысатын шаруа қожалығының жетекшісі Аманқос Төлеуовтың пікірінше, Жолдауда ауыл шаруашылығының маңызды проблемалары көтеріліп отыр. Олар - ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту, сүт, бордақылау кешендерін дамыту, ауылдарды қалалармен қосатын жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарын салу мәселелері. «Біз қалаға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткіземіз сондықтан облыс орталығына баратын жолдар салынса дұрыс болар еді. Өкінішке орай қаладан менің шаруашылығыма қатынайтын жол жоқ», - дейді А.Төлеуов мырза. «Степное» ЖШС-нің Ақтөбеде өз өнімдерін сататын екі орны бар. Шаруа басшылығының айтуынша, олар өндіріп отырған өнімдер қала тұрғындарының үлкен сұранысына ие, ал өнім бағалары ақылға қонымды. Егер қала өкіметі Ақтөбеде шағын базарлар ашу жұмыстарын жеделдетсе, бұл бағаны да төмендетуге болады, деп санайды Аманқос Төлеуов.