Елбасының көп балалы аналарға жасап отырған қамқорлығына ризамыз - «Алтын алқалы» ана

ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасының көп балалы аналарға жасап отырған қамқорлығына ризамыз.
None
None

Бұл туралы БҚО-ның Жаңақала ауданында тұратын «Алтын алқа» иегері Тойған Хайруллина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жастай еңбекке араласқан ол 1949 жылы Мұтығай деген азаматқа тұрмысқа шығып, дүниеге алты ұл, алты қыз әкеледі. Бүгінде олардың бәрі де аман-есен, бәрі де үйлі-күйлі болып отыр. 1978 жылдың желтоқсанында ері қайғылы қазаға ұшыраса да, мойымаған ана одақ кезінде «Батыр ана» атанса, 2005 жылы Елбасы Жарлығымен «Алтын алқа» тағынды. Қазір бала-келіні Жангелді мен Назгүлдің қолында. «Биылдан бастап алты-жеті бала тапқан аналарға да «Алтын алқа», «Күміс алқа» беріле бастады. Бұл - үлкен құрмет», дейді ол.

Қазіргі кезде тек қана Жаңақала ауданында 83 «Алтын алқа», 160 «Күміс алқа» иегері тұрады.

Соңғы жаңалықтар