Елбасының мұражайы құрылып, бюсті орнатылады - заң жобасы

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Парламенті Мәжілісі мақұлдаған заң жобасында елордада ҚР Тұңғыш Президентінің - Елбасының мұражайын құру және оның бюстін орнату қарастырылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заң жобасы бойынша ҚР Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету бөлігінде конституциялық заң нормалары нақтыланады. Сонымен бірге еліміздің астанасында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының мұражайын құру және Оның бюстін орнату қарастырылады. Сөйтіп, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы мәртебесін анықтау арқылы дамудың ерекше қазақстандық жолынан таймаудың кепілділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріледі», деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған бастамашы депутат Розақұл Халмұрадов.

Соңғы жаңалықтар