Елбасының өкімімен ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Н. Назарбаевтың өкімімен Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
None
None

Қ.С.Уәлиев «А» корпусының кадр резервінде тұрған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлы 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген.

1989-1992 жылдары ғылыми жұмыстармен айналысқан. 1992-1996 жылдары кеден органдарында қызметтер атқарған. 1996-1997 жылдары - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі. 1997-2004 жылдары - Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасарының көмекші-кеңесшісі. 2004-2006 жылдары - Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2006 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы, Батыс Қазақстан облысы бойынша кураторы қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым қорының» АҚ Басқарма төрағасы, 2013 жылдан «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК басшысы қызметтерін атқарған.

«Құрмет» орденінің иегері. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум