Елбасының съездегі сөзі ел сенімін нығайта түсті - съезд делегатының пікірі

ОРАЛ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінде Қазақстанның стратегиялық дамуының жаңа қырларын ашып беріп, ел сенімін одан сайын нығайта түсті.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне съезд делегаты, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Закария Сисенғали хабарлады. Оның пікірінше, небір алпауыт елдерді тұйыққа тіреген қаржы дағдарысынан біздің мемлекетіміздің соншалықты құлдырауға ұшырамай өтетініне сене отырып, Елбасымыздың көрегенділігіне таң қалмайтын әддіміз жоқ. Қаржы дағдарысына тойтарыс беру мақсатында Елбасымыздың тапсырмасына орай Үкіметіміз белгілеген шараларда тек қана адамдардың тұрмыстық жағдайын оңалту емес, ауылдың әлеуметтік нысандарының да материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелері кеңінен көрініс тапқан. Айталық, Жаңақала ауданында Үкіметтің «Жол картасы» бойынша екі балабақша, бір мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу, аудан орталығындағы Достық алаңын абаттандыру, көптеген ауылдар мен елді мекендердің арасындағы жолдарды жөндеу немесе көтерме жолдар салу жұмыстары қарастырылған. Оның сыртында облыстық және аудандық бюджеттен екі мәдениет үйі, қос мектеп, Қ.Жантілеуов атындағы саз мектебі, бір балабақша күрделі жөндеуден, барлық әлеуметтік нысандар жай жөндеуден өткізілмекші. Елбасымыздың тапсырмасына орай тұрғындарды көкөніспен қамту мақсатында барлық ауылдық округтерде аулаларға техникалық су жеткізу үшін қосымша су құбырлары тартылды.
Соңғы жаңалықтар