Елбасының теңгені тұрақтандыруға қатысты айтқан нақты ұсыныстары көңілімізден шықты - С. Жиенбаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі Елбасының арқасында жүзеге асып отыр. Ал Елбасының халыққа Жолдауы - Қазақстанның әлемді жайлаған дағдарыстан шығуының бағдаршамы іспеттес. Бұл туралы бүгін Алматыда Республика сарайында ҚР Президенті күніне орай өткен кең көлемді мерекелік шара барысында «ҚазАқпарат» тілшісіне мемлекет және қоғам қайраткері, ҰОС ардагері Сұлтан Жиенбаев мәлімдеді.
None
None

«ҚР Тұңғыш Президенті күні - бұл Қазақстан үшін үлкен той. Мен биыл 95 жасқа келдім. Кезінде Елбасымен талай жыл қызметтес болдым. Иә, қай жағынан алып қарасақ та, Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан өсіп-өркендеп, бүкіл әлемге танымал болып жатыр. Нұрекеңнің беделі Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастық алдында жоғары. Біз бұған өте қуанамыз. Ал Жолдауға келер болсақ, ол, дағдарыстың ушыққан кезінде ел көңіліне сенім ұялатқан, болашаққа нақты жол сілтейтін құжат. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған жобалар қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Міне, осы тұрғыда Елбасының ұлттық валюта - теңгенің тұрақтылығын күшейтуге қатысты айтқан нақты ұсыныстары көңілімізден шықты. Біз бұған ризамыз әрі Елбасына амандық тілейміз», - деді С. Жиенбаев.

Соңғы жаңалықтар