15:30, 03 Наурыз 2010 | GMT +5
Елбасының Жарлығымен Ақмола облыстық соты құрамында жаңа тағайындаулар жасалды
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Елбасының «ҚР соттарының төрағаларын, сот алқалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығына сәйкес, облыстық сот алқалары мен Ақмола облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағалары қызметіне жаңа тағайындаулар жасалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы Жарлыққа сәйкес Сәбит Өскембеков облыстық соттың аппеляциялық алқасына, Бек Әметов облыстық соттың кассациялық сот алқасына, Сергек Баймағамбетов облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметтеріне тағайындалды.