21:12, 02 Шілде 2009 | GMT +5
Елбасының «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандар құрылысына жастар да қатысуда
ОРАЛ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасының «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандар құрылысына жастар да қатысуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО-ның Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылында Ержан Бақтияров басшылық ететін «Әлім» ЖШС үш қабатты аурухана салуда. Мұнда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанынан құрылған «Жастар» жасағы да еңбек етуде. Құрылыста жүрген жастар жұмыс берушіге риза. Үш ай бойы жұмыс жасап, жалақы табатын олар бос уақыттарын да ауыл жастарымен бірге мазмұнды өткізуде.
Биылғы еңбек маусымында Орал қаласында жеті, Сырым, Зеленов аудандарындағы нысандарда сегіз студенттік құрылыс жасақтары жұмыс істеуде. Мұнда төрт жүзге жуық сарбаз қамтылған. Сондай-ақ Ақжайық, Жаңақала аудандарында, өзге де жерлерде 350-ден астам жас жұмысқа тартылмақ.