15:26, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Елді индустрияландыру үрдісін инновациялық дамудың негізінде жүргізу керек - профессор Ғ.Мұтанов
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Еліміздің индустриялық дамытудың инновациялық жүйесін қалыптастыру қажет және бұл іс білімнің, ғылым мен өндірістің үш тұғырынсыз мүмкін емес.
Бірақ та жоғары оқу орындары мен ғалымдарға бұл мәселеде жүйенің, нормативтік-құқықтық жоқтығы кедергі келтіруде, ынтаның жоқтығы дамуға тежеу болып отырған жай бар. Өскеменде өткен Өнеркәсіпшілер форумында сөз сөйлеген Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сондай-ақ Ғ.Мұтанов, отандық ғылымның баяу дамып отырғаны туралы айтқан Елбасы Н.Назарбаевтың әділ сөзін форумға қатысушылардың есіне салды. Ғалымның пікірінше, елді индустрияландыру үрдісін инновациялық дамудың негізінде жүргізу керек. Осыған байланысты техникалық оқу орындары инновациялық кадрларды, ғылыми идеялар мен нақты өнеркәсіптік өнімді әзірлеу жөніндегі үштұғырлы шығармашылық зертханасы бола алады, дейді ректор. «Базасында аймақтық технопарк пен тәжірибелік зертханалар орналасқан, оларда өнімдер өндіріліп, ғылыми идеялар тәжірибе жүзінде жүзеге асырылып отырған біздің техникалық университетіміздің моделі іргелі базалық модель ретінде танылып, жоғары оқу орындарында енгізуге ұсынылып отыр. Оның үстіне, біз жақында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен болған кездесуде жобасын Елбасы мақұлдаған жоғары технологиялар аумағын құруға кіріскелі отырмыз», - деп атап көрсетті профессор өз сөзінде.