Елдің басым өңіріндегі бұрқасындар жұма күні де сақталады - Қазгидромет

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, атмосфералық ағымдармен байланысты белсенді циклон Қазақстанның басым аумағындағы ауа райына ықпалын жұма күні де жалғастырады.
None
None

Күтіліп отырған бұрқасынның күші кей жерлерде қатты болады. Елдің оңтүстік өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, кей аумақтарда ұйытқыма жел соғады.

Атап айтқанда, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығы Қазақстан облыстарында бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел болжануда, желдің екпіні кей уақыттары секундына 23-28 метрге жетеді. Ақмола мен Қарағанды облыстарында сондай-ақ күшті бұрқасын соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 метр екпінде жел тұрады.

Ақтөбе, Қостанай облыстарында жаяу бұрқасын жүреді, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман мен көктайғақ болжануда. Желдің күші 15-23 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысында оның екпіні - 30-33, ОҚО-да түнде және таңертең - 26 м/с-қа жетуі ықтимал.

Қызылорда облысының кей аумақтарында бұрқасын, көктайғақ күтілуде, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа артады.

Маңғыстау облысында күндіз кей өңірлерде секундына 15-20 метр күшпен жел соғады.

Ал Атырау облысының кей жерлерін тұман басады.

Соңғы жаңалықтар