08:10, 18 Қазан 2012 | GMT +5
Елдің батысында ауыл халқының интернетке қолжетімділігі 2 есеге артты
ОРАЛ. 18 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда электрлік байланыс кәсіпорындары 4408,9 млн. теңгенің қызметін көрсетті.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өткен жылғыдан 1 пайызға көп.
Өңірде, әсіресе, ғаламтор қызметіне қолжетімділік өткен жылғыдан 21,5 пайызға өсіп, 1325,2 млн. теңгеге жетті. Соның ішінде халыққа көрсетілген ғаламтор қызметі 21,6 пайызға, ауылдық жерлерде 2 есеге артты.
Сонымен қатар жыл басынан бері облыстағы пошта және курьерлік кәсіпорындар 253,5 млн. теңгенің қызметін көрсетті, бұл 6,3 пайызға көп.