Елдің халықаралық резервтері 2,2 пайызға азайды

АЛМАТЫ. 11 шілде. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың маусым айында елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда 89,6 млрд. долларға дейін (2,2 пайызға) төмендеді.
None
None

"Ұлттық банктің халықаралық резервтері өткен айда 26,1 млрд. долларға дейін (7,9 пайызға) азайды. Ал таза халықаралық резервтер негізінен алтын бағасының төмендеуі есебінен 8,1 пайызға азайып, 25,6 млрд. долларды құрады. Нәтижесінде таза валюта қорлары 6,5 пайызға азайып, алтындағы активтер 13,7 пайызға қысқарды", делінген Ұлттық банктің баспасөз мәліметінде.

2013 жылғы маусымда ақша базасы 1,8 пайызға кеңейіп, 3094,7 млрд. теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 3048,5 млрд. теңгеге дейін 2,4 пайызға кеңейді.

Мамырда ақша массасы 2,4 пайызға ұлғайып, айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 1,5 пайызға өсті. Банк жүйесіндегі депозиттер 2,6 пайыз артып, 9858,2 млрд. теңге болды. Депозиттердің ақша массасының құрылымындағы үлесі айналыстағы қолма-қол ақша көлемінің қысқаруы аясында депозиттер көлемінің өсуі салдарынан желтоқсандағы 85,5 пайыздан мамырда 87,1 пайызға дейін ұлғайды.

Соңғы жаңалықтар