14:40, 06 Наурыз 2012 | GMT +5
Елдің халықаралық резервтері 82,7 миллиард долларға дейін өсті
АЛМАТЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Ақпанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қосқанда тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері 4,4 пайызға артты. Оны ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты

Ұлттық банктің халықаралық резервтері 35,4 миллиард долларға дейін 4,9 пайызға өсті. Таза халықаралық резервтер 5,1 пайызға ұлғайып, 34,8 миллиард долларды құрады. Таза валюта қорлары 5 пайызға өсті. Алтындағы активтер жүргізілген операциялар және оның әлемдік нарықтардағы бағасының өсуі нәтижесінде 5,4 пайызға өсті.
Григорий Марченконың айтуынша, ақпанда ақша базасы 2,5 пайызға, тар ақша базасы 3,8 пайызға кеңейді. Ал қаңтарда ақша массасы 1,3 пайызға төмендеді. Айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 4,7 пайызға азайды. Банк жүйесіндегі депозиттер 0,8 пайызға төмендеді. Ақша массасының айналымындағы депозиттер үлесі желтоқсандағы 86 пайыздан қаңтарда 86,5 пайызға дейін ұлғайды.