Электронды тіркеу деңгейі қарқынды артып келеді - ҚР Әділет министрлігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы 11 млн. астам қызмет көрсетілді. Бүгін Астанада халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Әділет министрі Берік Имашев осылай мәлім етті.

«2015 жылы 11 млн. астам (11 880 296)  қызмет көрсетілді, оның ішінде 83 пайызы (9 648 503) электронды форматта ұсынылды. Қызметтердің басым бөлігі, яғни 82 пайыздан астамы жылжымайтын мүлікке құқығын тіркеу саласына қатысты болып отыр»,-деді министр.

Бұдан бөлек, электронды тіркеу бағытына тоқталған Б. Имашев, 2014 жылмен салыстырғанда, 2015 жылы электронды тіркеу 4 есеге (2014 ж.- 88 445, ал 2015 ж.- 321 486) артқанын жеткізді.

«Бұл өз кезегінде тұрғындар енгізіліп жатқан жаңашылдықтарды қолдап отырғандығын байқатады»,-деді ведомство басшысы. 

Соңғы жаңалықтар