08:34, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
Электрондық мемлекеттік сатып алулар тендерлердің ашықтығын қамтамасыз етеді
ПАВЛОДАР. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Электрондық өтініш беру тендерлердің ашықтығын, әділ бәсекелестікті қамтамасыз етеді және тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді кеңінен тартады, деп атап көрсетті қаржы басқармасының бастығы Бәкір Демеуов Павлодарда өткен электрондық мемлекеттік сатып алудың таныстырылымында.
«Тиімді бағамен сапалы тауарлар ұсынып отырған кәсіпкерлер ғана тапсырыстар ала алады. Мемлекеттік тапсырыстың маңызы - бюджеттің қаражатын талан-тараж етпеу»,- деп атап көрсетті Б.Демеуов өз сөзінде.
Кәсіпкерлер тендерлердің шарттарымен таныстырылды - барлық ақпараттар облыс әкімінің мамандандырылған сайтына орналастырылған. Ұсыныстар жасау үшін, жеткізілімшілер ең алдымен, өз электрондық қолтаңбаларын ресімдеулері керек.
«Үнемделген қаржы әлеуметтік міндеттерді шешуге жұмсалады. Былтыр тендерлер барысында жаңа балабақшаның құрылысына жететін қаражат үнемделген болатын», -дейді облыс әкімінің орынбасары Төлеген Закариянов.