Электрондық үкімет порталы арқылы ең көп көрсетілген қызмет түрі анықталды
Сұранысқа ие келесі қызмет - ол зейнетақы аударымдары және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар/ауыртпалықтар туралы анықтама. 2015 жылы 2,6 млн-нан астам адам осындай анықтаманы алған.
Ең көп көрсетілген қызмет түрінің қатарында сонымен қатар жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтама - шамамен 2,3 млн рет және соттылықтың болмауы/болуы туралы - 1 млн. аса анықтама берілді.
«Іске қосылған кезеңнен бастап egov арқылы 108 млн-нан аса қызмет көрсетілді және соңғы 5 жылдың ішінде қызметтерді электрондық түрде алу 100 еседен артық ұлғайды. Қазір порталға 4,4 млн. пайдаланушы тіркелді», - деп атап өтті электрондық қызметтерді бақылау басқармасының жетекшісі Дәулет Бекманов.
Электрондық үкімет порталында азаматтарға 215 онлайн қызмет пен сервистер қолжетімді, оның 50-ден артығын мобильдік қосымша арқылы алуға болатындығын естеріңізге саламыз.