Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде денсаулық саласын қаржыландыру 83 пайызға өсіп, 13,9 млрд. теңгеге жетті - БҚО

ОРАЛ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде БҚО-ның денсаулық саласын қаржыландыру 83 пайызға өсіп, 2,36 млрд. теңгеден 13,9 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.
None
None

Өңірдегі медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайып, 8452,4 млн. теңгеге 58 денсаулық нысаны салынды. 6166,7 млн. теңгеге 238 нысан күрделі жөнделіп, 5772,0 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтармен қамтылды. Бұл медицина ұйымдарын құрал-жабдық және техникамен қамтуды 80, автокөлікпен қамтамасыз етуді 100 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

Мемлекеттік бағдарламада көзделген шараларды жүзеге асыру нәтижесінде облыстағы денсаулық сақтау көрсеткіштері жақсара түсті. Ана өлімі 100 мың тірі туылғанға шаққанда 47,3-тен 8,3-ке дейін азайды. Сәбидің шетінеуі 1 мың тірі туылғанға шаққанда 25,3-тен (1990 жыл) 13,8-ге дейін кеміді. 100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі ісік ауруынан мерт болғандар 150,7-ден 146,3-ке, туберкулезден қайтқандар 18,1-ден 10,6-ға төмендеді.

Облыстың 57 медициналық мекемесі аккредиттеуден өтсе, соның бесеуі ИСО 9001 талаптарына сәйкестік сертификатын алды.

Соңғы жаңалықтар