Елімізде 2010 жылдың алғашқы 4 айында ІЖӨ-нің өсімі 7,6 пайызды құрады - Премьер-Министр

амырдың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Қазақстанда 2010 жылдың алғашқы 4 айында Ішкі жалпы өнімнің өсімі 7,6 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін селекторлық кеңес форматындағы Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2008-2009 жылдарда біздер экономиканың бір саласынан екінші саласына өткен дағдарыс жағдайында өмір сүрдік. Қазір тоннелдің соңындағы жарық айқын көрініп тұр. Маған бүгін таңертең Статистика агенттігі алғашқы 4 айдың нәтижесін баяндады. Олар айтарлықтай көңіл қуантады. Алғашқы 4 айда ішкі жалпы өнім алдын ала дерек бойынша, 7,6 пайызды құрады», деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының пікірінше, бұл іс жүзінде тәуір нәтиже болып табылады.

Соңғы жаңалықтар