Елімізде 2014 жылға қарай нормативтен тыс ысыраптарды толық жою күтілуде

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстандағы 2010-2014 жылдарға арналған тарифтік саясат жөніндегі салалық бағдарлама шеңберінде елімізде 2014 жылға қарай нормативтен тыс ысыраптарды толық жою күтілуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Табиғи монополияларды реттеу агентігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов айтты.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, осыдан барып экономикалық тиімділік электр желілерінде - 671,8 млн. кВт/сағатты немесе 4,4 млрд. теңгені, жылу желілерінде - 3,8 млн. Гкалды немесе 8,8 млрд. теңгені, су шаруашылығы желілерінде - 105,0 млн. текше метрді немесе 0,65 млрд. теңгені құрайтын болады. «Бағдарламаның мақсаттарының бірі - электр энергиясын және суды үнемдеуге негізделеді, оған қол жеткізетін құрал - сараланған тарифтерді енгізу болып табылады», деді Н. Алдабергенов.

Бұл ретте бүгінгі күнге республикада электр энергиясына сараланған тарифтер тұтыну көлеміне қарай және тәулік зоналары бойынша қолданылатынын айтқан ол: «Осы жұмысты жүргізу нәтижесінде электр энергиясын шамамен 150 млн. квт/сағатқа, отынды шамамен 30 мың тонна көмірге үнемдеу, ластаушы заттар шығарындыларын шамамен 13,5 мың тоннаға төмендету, сондай-ақ тұтынушы қаражаттарын шамамен 2,1 млрд. теңгеге үнемдеу көзделуде», деді.

Соңғы жаңалықтар