Елімізде 61 мыңнан астам науқас коронавирустан үйінде емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 14 қыркүйектегі ақпарат мәлім болды.
None
None

14 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 76 858 адам коронавирус инфекциясынан (68 526 КВИ+ және 8 332 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде:

- 15 308 пациент стационарда

- 61 550 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 1 196 адамның жағдайы ауыр

- 345 пациенттің жағдайы өте ауыр

- 194 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар