Елімізде алғаш рет 1 донордың дене мүшелерін 4 пациентке ауыстырып салу оталары жасалды

АЛМАТЫ. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет 3-4 шілде күндері Алматыдағы А. Сызғанов атындағы хирургиялық ұлттық ғылыми орталықта 1 донордан дене мүшелерін 4 пациентке ауыстырып салу оталары жасалып, бәрі сәтті аяқталды. Бұл туралы орталық мамандары бүгін пресс-брифингінде айтты.
None
None

«Қайтыс болған бір адамның туыстарының жазбаша келісімі бойынша бүйрегі, бауыры және жүрегі қатты ауыру сатысындағы 4 пациентке ауыстырылып салынды. Қазір науқастардың барлығының жағдайы жақсы. Жалпы қайтыс болған адамның дене мүшелерін бірден 4 пациентке ауыстыру отасы елімізде тұңғыш рет жасалып отыр», - дейді орталық директорының орынбасары Ербол Шайхиев. Оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, қала әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жасалған бұл отаға А. Сызғанов атындағы хирургиялық ұлттық ғылыми орталықтың 100 қызметкері қатысқан. Оның 22-сі хирургтар болып отыр. Пациенттердің ең жасы 17-де болса, ең үлкені - 41 жаста.

Ғылыми орталықтың Бауыр, өт жолдары және бауыр трансплантациясы хирургия бөлімінің меңгерушісі Данияр Тоқсанбаевтың сөзіне қарағанда: «Трансплантацияда ең күрделі және ең қиын ота - бауырды алмастырып салу. Бұл отаның ұзақтығы 17 сағатқа созылды. Онда микрохирургиялық, қан тамырлары, бауыр хирургиясы, жалпы хирургтар деген сияқты арнайы операциялық бригадалар кезектесіп, рет-ретімен, уақытымен ауысып жұмыс жасады. Ол 2008 жылдан бері ауырып жүрген 39 жастағы Сәкен деген азаматқа салынды».

Соңғы жаңалықтар
Референдум