Елімізде алғаш рет имамдар халық алдында есеп бере бастады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Елімізде алғаш рет имамдар халық алдында есеп беруде. 
None
None

Пилоттық жобаны алғаш болып  Оңтүстік Қазақстан облысының дін қызметкерлері жүзеге асырды. Өңірдің бас имамы  Ахметжан қажы Керімбек  бір айға жуық уақыт аралығында қала, аудан тұрғындарымен кездесіп,  олардың сан түрлі сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыстың 9 қала, ауданын аралап шыққан дін қызметкері халықтың көкейінде жүрген бірқатар проблемалармен танысқан. Бұл туралы бас имам дін саласы өкілдерінің  басын қосқан алқалы жиында сөз етті.

 

Ахметжан қажы Керімбек өзі есеп беріп болған соң, осындай шараларды қала, аудан имамдары да өткізетінін мәлімдеді. Жыл соңына дейін ауыл имамдарының есебін тыңдау жоспарланып қойған. Осылайша, діни көзқарас мәселелерін халықпен бірлесіп шешуге тырысуда.

Айта кетейік, ілкі жобаны қолдаған Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы енді барлық өңірлерде имамдардың есеп беруін енгізбек.

Соңғы жаңалықтар