Елімізде балалар құқығы мемлекет назарынан тыс қалмақ емес

ОРАЛ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елімізде балалар құқығы мемлекет назарынан тыс қалмақ емес. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Жұмажан Жүкенов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, балалар құқығын қорғау жұмысының ойдағыдай жүргізілуі нәтижесінде елімізде балалар үйлерінде тәрбиеленушілер саны азайды. Атап айтқанда, 2006 жылмен салыстырғанда өткен жылы ондай балалар саны 1478-ге азайып, қазір 204 балалар үйінде 16 мың тәрбиеленуші қалды. Әртүрлі ҮЕҰ-мен бірлескен 14 дағдарыс орталығы ашылды. Өткен жылы он бір ведомствоаралық топ құрылды. Осындай жұмыстар нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс - 11,8, есепте тұратындар саны ? 3,1, берекесіз отбасылар ? 2,5, ата-аналық құқығынан айрылғандар ? 6,8, ішімдікке әуес жасөспірімдер саны 39 пайызға қысқарды. Мұндай істер, әрине, жалғасады. Шешілуге тиісті мәселелер де жоқ емес. Мәселен, жетімдерді отбасы тәрбиесіне алғысы келетіндерді материалдық ынталандыру жағы әлі де төмен. Балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан алты мыңнан астам жастың тек 1,2 пайызы ( 80 адам ) ғана тұрғын үймен қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қолдаудың стандартты үлгісін ойластырған жөн. Отбасында, мектепте кездесіп қалатын қолайсыз жағдайлардан кәмелетке толмағандарды сақтандыру үшін арнайы психологиялық қызмет құрған да дұрыс. Комитет төрағасының пікірінше, Батыс Қазақстан облыстық балалар құқығын қорғау департаментінде біршама жұмыстар атқарылған. Әсіресе, департамент мамандары аудандарға жиі шығып, ашық есік күндерін өткізеді. «Өзін-өзі» тану бағдарламасы бойынша бірнеше балабақша мен мектепте жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өтінішпен келген ата-аналар мен балалардың талап-тілектері ескерусіз қалмайды. Бүгінгі күннің басты талабы да осы.
Соңғы жаңалықтар