Елімізде биыл нәрестелердің шетінеу көрсеткіші азайды
««2010 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша, республикамызда 1000 тірі туылған сәбиге шаққанда нәрестелердің шетінеу көрсеткіші 17,3 промиллені (осылай деп аталатын көрсеткіш бар) құрады. Ал, 2009 жылы бұл көрсеткіш 1000 тірі туылған сәбиге шаққанда 18,7 промилле болған. Цифр көрсетіп тұрғанындай, биыл елімізде нәрестелердің шетіну көрсеткіші өткен жылға қарағанда азайған», деді С. Қайырбекова.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігінің жанында Қазақстандағы ана мен бала өлімін азайту үшін кезек күттірмейтін шараларды қабылдау жөніндегі штаб жұмыс істейді. Облыстар деңгейінде де осыған ұқсас штабтар бар. Әкімдердің орынбасарлары басқаратын олардың өңірлік штабтар мәртебесі бар.
Айта кетйік, басқа да демографиялық көрсеткіштер сияқты нәрестелердің өлімі абсолютті де және салыстырмалы да терминдермен есептеледі. Салыстырмалы көрсеткіш немесе нәрестелер өлімінің коэффициенті әдетте промиллемен көрсетіледі және бір жылда туылған 1000 сәбиге шаққанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәрестелердің санын білдіреді. Әдетте, 100 немесе 10 мың жаңа туылғандарды есептегендегі коэффициент жиі қолданылады.