Елімізде қызмет көрсету саласындағы вакцина алмаған қызметкерлер анықталмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызмет көрсету саласында вакцина алмаған қызметкерлерді анықтау алгоритмі бекітіледі. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов осныдай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді.

Премьер-Министрдің Сонымен қатар мемлекеттік органдарға келесідей тапсырмалар берді:

2021-2022 жылдарға арналған COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын әзірлеу;

қызмет көрсету саласында вакцина алмаған қызметкерлерді анықтау жөніндегі мониторингтік топтардың іс-қимыл алгоритмін бекіту.

Отырыста Е. Тоғжанов Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында халықты вакцинамен қамту жұмысының белсенділігі төмен екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар