Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың 20 пайызы жұмыспен қамтылған
«Шешілуі тиіс маңызды мәселелердің бірі мүмкіншілігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуы және лайықты жұмысқа орналасуы екендігі сөзсіз», - деді ол. М.Алтангерелдің атап өтуінше, бұл бағытта еліміздің Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көптеген жұмыстар атқарып, мүгедектердің еңбектен қамтылуына жағдай жасап отыр. Мүдектердің жұмыспен қамтылуына «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы да өз септігін тигізуде. «Республикадағы мүмкіндігі шектеулі жандардың шамамен 20 пайызы қазіргі күні жұмыспен қамтылған. Әрине, бұл жақсы көрсеткіш. Дегенмен, Қазақстан алдында бұл көрсеткішті дамыған елдердің, ЭЫДҰ-ның стандарттары деңгейіне дейін жеткіз міндеті тұр», - деді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары. Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олардың 64 пайызы жұмыс істеуге қабілетті жаста. Жалпы мүгедектердің 11 пайызы - балалар.