Елімізде өндірілетін мұнайдың тек 24 пайызын ғана «ҚазМұнайГаз» компаниясына тиесілі- С. Мыңбаев

А. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елімізде өндірілетін мұнайдың тек 24 пайызын ғана «ҚазМұнайГаз» компаниясына тиесілі. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «KAZENERGY» бесінші Еуразиялық форумында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.
None
None

«ҚазМұнайГаз» компаниясы елде өндірілетін мұнайдың тек 24 пайызын ғана өндіреді. Ал қалған көлем жеке сектор компанияларына және халықаралық мұнай компанияларына тиесілі. Біздің көзқарасымызша, бұл Қазақстанның көмірсутегі секторының тұрақты дамуына мүмкіндік береді», деді министр.

Осыдан кейін Мұнай және газ министрі еліміздің 2009 жылғы аталған шикізатты тасымалдаудағы экспорттық маршруттары мен экспорт көлеміне тоқталды. Оның айтуынша, өткен жылы Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы 27,5 млн. тонна, Атырау-Самара бағытында 17,5 млн. тонна, Қытайға 6 млн. тоннадан астам, Ақтау порты арқылы 11 млн. тонна, темір жол арқылы 14,4 млн. тонан және Орынбор мұнай газ өңдеу зауытына 2 млн. тонна мұнай тасымалданған.

Соңғы жаңалықтар