Елімізде теміржол көлігін дамытудың 2020 жылға дейінгі негізгі бағыттары әзірленді

sp; АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының теміржол көлігін дамытудың 2020 жылға дейінгі негізгі бағыттарын әзірледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталмыш ведомствоның басшысы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, темір жол саласындағы ағымдағы жағдайды және мақсаттарды ескере отырып, саланы дамытудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады: біріншіден, мемлекет пен қоғам үшін оңтайлы темір жол көлігінің жұмыс істеу жүйесін қалыптастыру, екіншіден - өндірістің негізгі құралдарын жаңғырту және жаңарту. 2020 жылға дейінгі темір жол саласына салынатын инвестицияның жалпы көлемі - 4,26 триллион теңге.

Ә.Құсайыновтың атап көрсеткеніндей, 1996 жылдан 2008 жыл кезеңінде темір жол саласы тарифінің орташа жылдық өсімі небәрі 5 пайызды құраған. Баға өсіміне қатысты тариф өсімінің қалып қоюынан сала экономикасының негізгі құралдарды жаңарту үшін инвестиция шоғырландыруға жағдайы келмеген. Нәтижесінде темір жол нысандарының тозығы бүгінде 70 пайызды, жылжымалы құрамның тозығы 72 пайызды құрап отыр.

Министрдің айтуынша, темір жол саласын 2020 жылға дейінгі тасымалының болжамды көлемін қамтамасыз ету үшін 12 мың шақырымдық теміржолды жаңғыртып, жаңарту қажет. Жасанды ғимараттардың 236 нысанын реконструкциялау керек, 1,5 мың локомотивтер, 53 мың жүк вагондарын және 2 мың жолаушылар вагонын сатып алу қажет.

 «Саланың дамуын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін, активтерді жаңартуда инвестицияларды тарту үшін саланың экономикалық моделін және институционалдық құрылымын кешенді реформалау, сондай-ақ ауқымды инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру қажет», - деді ол.

 Осы орайда, жоғарыда айтылған Қазақстан Республикасы темір жол көлігін дамытудың 2020 жылға дейінгі негізгі бағыттары  әзірленген.

Соңғы жаңалықтар