Елімізде жеке сот орындаушылары институты енгізілетін болды

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елімізде жеке сот орындаушылары институты енгізілетін болды. Бұл туралы бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен арнайы өткен баспасөз мәслихатында Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бақтияр Өнербаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде жеке сот орындаушылар институтын енгізуді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылы өткен республика судьяларының IV сезінде көтерген болатын. «Содан бергі 4 жыл ішінде Сот әкімшілігі комиеті аталмыш институтты енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда қыруар шаралар атқарды. Айталық, аталмыш мәселе көптеген халықаралық және республикалық жиындарда талқыланып, арнайы ведомствоаралық комиссия отырыстарында қаралды. Оған байланысты тіпті ақпарат құралдарында да тиісті талқылаулар ұйымдастырылды. Ал сәуірдің 2-сі күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңға қол қойды», деді комитет басшысының орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа қабылданған құжаттарда жеке сот орындаушыларының құзырын кеңейтетін көптеген баптар бар. Мысалы, онда сот орындаушыларына борышкерлердің еліміздің аймағынан шығуына тыйым салуларына мүмкіндік беретін баптар енгізілген. Сонымен қатар сот орындаушалырының кейбір борышкерлерді шақыру мен хабарлау мәселесі бойынша да құзіреті кеңейтіліп отыр. «Қорыта айтқанда, жаңа заң талаптары бойынша, сот орындаушыларының құзіретін реттеуге қатысты баптар 88-ден 177-ге дейін артты. Бұл оларға барынша тиімді әрі талапқа сай жұмыс істеулеріне жақсы мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар аталмыш шара жеке сот орындаушылары мен мемлекеттік сот орындаушыларының арасында бәсеке тудырады», деді Б.Өнербаев.

Соңғы жаңалықтар