Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласы қызметкерлерінің саны артпақ

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласы мамандарының санын арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет мүшелерінің назарына жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бағдарламаны ұсынған Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Камалиев айтты.
None
None

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта аталған саладағы жұмысшылардың саны 13700 адамды құрайды. Олардың басым көпшілігі әйелдердің үлесінде. Қабылданған бағдарламаға сәйкес жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандар саны 2014 жылға қарай 15 мыңға дейін көбеймек. Жалпы бағдарлама аясында Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен алдағы кезеңде 2,7 миллиард теңге бөлу көзделген. «Бұл орайда оқыған мамандардың саны 14 мыңнан астам адамды құрайтын болады», деді Б.Камалиев.

Соңғы жаңалықтар