Еліміздегі бейбітшілік пен келісім жағдайындағы тәжірибеге Батыс елдерінің қызығушылығы артып отыр ? ҚР СІМ-дегі семинар

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғары комиссары Кнут Воллебектің қатысуымен «Көп ұлтты қоғамда әлеуметтік ықпалдастықты заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Семинарда біздің мемлекетіміздегі ерекшеліктер қаралуда. Өздеріңіз білесіздер, елімізде 130-ға тарта ұлттың өкілдері өмір сүруде. Осыған орай мемлекетіміздегі тыныштық пен диаспоралардың мүдделерін бірге дамытудағы Қазақстанның өзіндік тәжірибесі бар. Еліміздегі бейбітшілік пен келісім жағдайындағы тәжірибе Батыс елдерінде қызығушылық тудырып отыр. Атап айтқанда олар біздің заңнамалық, тәжірибе жүзіндегі, әлеуметтік-экономикалық, саяси аспектілермен танысуға ниетті», - деді ҚР Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов. Қоғамда мемлекеттік тіл маңызды рөл атқаратынын жеткізген К. Воллебек, «Атап айтқанда мемлекеттік тіл барлық азаматтарға олардың этникалық тамырына қарамастан бір-бірімен және билікпен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан мен азаматтарды мемлекеттік тілді меңгерумен және оны қолданумен қамтамасыз етудегі қадамдарды қолдаймын», - деді. Сонымен қатар жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов бүгінде елімізде газет-журналдар 11 тілде, радио бағдарламалары 8, телебағдарламалар 7 тілде шығарылатынын айтып өтті.
Соңғы жаңалықтар
Референдум