Еліміздегі бірқатар республикалық маңызы бар жолдар жабылды
«Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, боранға байланысты Павлодар облысы аумағындағы жолдар жабылды. Атап айтқанда, бүгін сағат 09:30-дан бастап қатты боранның салдарынын жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты «Қызылорда-Павлодар» жолының 1206-1135 шақырымындағы «Шідерті-Қарағанды» учаскесінде барлық автокөліктердің түрлеріне жолға шығуға тыйым салынды.
Сонымен қатар, «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 259-205 шақырымында да көлік қозғалысы шектелді.
Ал Қарағанды облысы өңіріндегі де қатты борынның салдарынан сағат 10:00-ден бастап «Қызылорда-Павлодар автожолының 905-433 шақырымындағы «Қарағанды-Жезқазған» аралығындағы жол жабылды.
Айта кетейік, бораннан кейін «Қазақавтожол» РМК-ның қызметкерлері аталған жолдарды тазалаған соң, көлік қозғалысы қалыпты тәртіпке көшіріледі.