Еліміздегі таксилердің 70 пайыздан астамы заңсыз жұмыс істеуде

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еліміздегі таксилердің 70 пайыздан астамы заңсыз жұмыс істеуде.
None
None

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте Парламент Мәжілісінің депутаты Сәт Тоқпақбаев айтты.

Оның пайымдауынша, еліміздің барлық ірі елді мекендерінде жолаушылар тасымалы заңсыз түрде атқарылуда, осы орайда салықтық міндеттер төленбейді. «Кәсіпкер таксистермен болған кездесудің нәтижесіне қарағанда, 70 пайыздан астам таксистер өздерінің қызметін заңсыз атқарады», - деді депутат.

Осы орайда ол бұл саладағы кемшіліктерге байланысты жауапты ведомстволардың жұмысын сынға алды.

Соңғы жаңалықтар