Еліміздегі жастар ұйымдары мен жастардың жемқорлыққа қарсы бірігуі мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен брифингте айтылды. Парияның ресми өкілі Оксана Петерстің сөзіне қарағанда, «Нұр Отан» партиясы қазақстандық қоғамда жемқорлыққа төзбеу жағдайын қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы кең ауқымды насихат жүргізу мақсатында қазанның 6-ынан бастап айлық жүруде. «Жас Отан» жастар қанаты елдегі жастардың негізгі саяси күші ретінде жемқорлыққа қарсы қозғалысқа белсене араласады. «Жоғарыда аталған дөңгелек үстел жоспарлы шара аясында ұйымдастырылып отыр. Оған «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешов, әділет министрлігі, ішкі істер министрлігі, қаржы полициясы, «Қарсы» қоғамдық жастар қозғалысы, діни конфессиялар, БАҚ өкілдері қатысады», деді О.Петерс