Елімізді индустрияландыру картасы жобасының ақпараттық базасына сомасы 8 триллион теңгеден астам 150 жоба енгізілді

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізді индустрияландыру картасы жобасының ақпараттық базасына бүгінде жалпы сомасы 8 триллион теңгеден асатын, әрқайсысының құны 5 млн. АҚШ долларынан жоғары 150 алдын ала пысықталған жобалардың деректері енгізілді.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджетік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, дейтұрғанмен іріктеліп алынған, жеткілікті түрде пысықталған тізімге енгізілген жобаларды жүзеге асыруда да проблемалар бар. Мәселен, 38 жобаны ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің барлық түрі бойынша іс жүзінде түйткілдер туындап отыр. «Кеше, маусымның 1-де жобалардың қалыптастырылған қоржыны Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияда қаралды және жобаларды жүзеге асырудың экономикалық мақсаттылығын, олардың ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін түбегейлі бағалау үшін салалық министрліктер мен холдингтерге жіберілді», - деді Б. Сұлтанов. Оның айтуынша, мемлекеттік органдар пысықтағаннан кейін қалыптастырылған тізім мен картаны өзара байланысты екі бағыт бойынша бұдан былайғы жұмыстың негізі етіп алуға болады. Бірінші бағыт бойынша, Мемлекет басшысы анықтаған басым бағыттар аясында бизнеспен бірге салалық және секторлық шеберлік-жоспарлар әзірленеді. Индустрия және сауда министрлігі кейіннен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен салыстыру үшін бұларды үйлестіріп, сүзгіден өткізуді қамтамасыз етуі тиіс. Екінші бағыт бойынша, бір мезгілде өндірістік қуаттарды тиімді орналастыру тетігі пысықталатын болады. «Тұтастай алғанда, бздің жұмысымыздың нәтижесі Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы аясында әзірленіп жатқан индустриялық-инновациялық жедел дамудың алғашқы бесжылдығының құрамдаушы бөлігі болады», - деді ол. Б. Сұлтанов бүгінде қалыптасқан тізім ашық болып табылатынын, салалық шеберлік-жоспарларды әзірлеу аясында перспективалы жобалардың пысықталуына қарай толықтырылатынын атап өтті. «Әрине, картаға нақты қаржыландырылатын пысықталған жобалар енгізілетін болады. Алайда, әлеуетті инвесторларға, оның ішінде шетелдік және отандық инвесторларға қолжетімді пысықталған инвестициялық ұсыныстар топтамасын қалыптастыру да маңызды», -деді Б. Сұлтанов.
Соңғы жаңалықтар
Референдум