13:12, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Еліміздің алты саяси партиясы Әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойды
АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін Астанада алты саяси партия: «Нұр Отан» ХДП, «Ауыл», Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы мен Қазақстанның патриоттар партиясы, «Руханият» және «Әділет» партиялары экономикалық дағдарыс жағдайларында Әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы өзара меморандумға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құжатқа сәйкес еліміздегі түрлі саяси көзқарастардың сантүрлілігіне байланысты елдегі саяси-экономикалық тұрақтылықты сақтау бағытында партиялардың өзара күш біріктіруі келісілген. Конституция мен ҚР Занамаларына теріс іс-қимылдар мен саяси белсенділіктің жолын болдырмау, елдегі бейбіт өмірді және қоғамдық келісімді сақтауға уағдаластық жасалды. «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратының хатшысы Ерлан Қариннің айтуынша, Меморандумды партия басшылары бірауыздан қолдап өз ұсыныстарын қосып, құжатты жетілдіруге атсалысты. Партиялар, саяси күштер бүгінгі дағдарыс жағдайында ауызбіршілікті қалайды», - деп атап көрсетті Е.Қарин.