Еліміздің автомобиль жолдары мен көпірлері ғылыми негізде салынуда

«ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Бағдад Телтаев министрге «Қазақстандық жолдарды ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы 1992 жылдан бері Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі құрамына енгенін және республиканың автомобиль жолдарын жобалау, салу және қолданысқа беру міндеттерін іске асыратыны туралы хабарлады.
ҚР «Техникалық реттеу туралы» және «Автомобиль жолдары туралы» Заңдарына сәйкес институт 4 техникалық регламентті және халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген Қазақстан Республикасының 83 стандарттарын жасады. Сондай-ақ, жаңа технологияларды қолдану мен шаруашылық механизмдерді жетілдіруге бағытталған 41 ведомстволық нормативткі-техникалық құжаттар жасалды.
2009 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын тексеру бойынша жұмыстар басталды. 2009-2010 жылдары 1492 км автомобиль жолдары тексеріспен қамтылды. 2009 жылы 250 көпір тексерістен өтті. Автомобиль жолдарын тексеру аясында:
- Қазақстанда алғаш рет бір уақытта ылғалдықты пен температураны өлшеуге арналған кешенді құрылғылар жол конструкциясына енгізілді;
- заманауи әдістер мен жабдықтарды пайдалану арқылы реологиялық жабысқақ битумның қасиеттерін зерттеу жалғасуда;
- Көпірлерді басқару жүйесі жасалып, сынақтан өтті. Бұл республиканың шаруашылық көпірлерін қаржыландыру мөлшері мен кезектілігін жоспарлауға мүмкіндік береді.
Республиканың климаттық ерекшеліктеріне сәйкес жол битумы мен асфальт-бетонның қасиеттерін зертеу жалғасуда. Соңғы 5 жылда 13 жаңа қосымшалары бар 26 тәжірибелік учаскелер салынды. Көпір және су өткізетін құбырларды салуға арналған жаңа технологиялар жасалды.
2006 жылы «ҚазжолҒЗИ» АҚ жанында автожол саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған Оқыту орталығы ашылды. Онда 589 автожол қызметкерлері оқудан өтті. Заманауи әлемдік деңгейдегі зерттеулерді жүргізу мақсатында жаңа заманға сай шетел құралдар сатып алынды.
Отырыстың қорытындысы бойынша, министр Б. Камалиев институт басшылығына көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыра беруді тапсырды. Сондай-ақ, заманауи ғылыми қорытындыларды тәжірибеге уақытында енгізіп отыру керектігін ескертті.