Еліміздің аймақтарын дамытуға республикалық бюджеттен қосымша 66,9 млрд. теңге қарастырылып отыр - Үкімет

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның кеңейтілген фракция отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
Үкімет басшысының айтуынша, елдің аймақтық даму шараларына республикалық бюджеттен қосымша 66,9 млрд. теңге бөлінеді. Оның ішінде 20 млрд. теңге аймақтарды дамыту бағдарламасына жұмсалады. Сондай-ақ, 4,2 млрд. теңге Жаңаөзенді дамытуға, 4,3 млрд. теңге - Астана мен Алматы қалаларын көркейтуге жұмсалады.
«Ал, адам капиталының сапасын арттыру үшін біз қосымша 39,1 млрд. теңге бөлмекпіз. Бұл соманың 13,1 млрд. теңгесі білім беруге, 18,6 млрд. теңгесі - денсаулық сақтау саласына шығындалады. Сонымен қатар тағы «Болашақ госпиталы» сияқты маңызды жобаға - 6,8 млрд. теңге, Астана қаласындағы онкологиялық орталыққа - 0,3 млрд. теңге бөлу қарастырылып отыр. Осылайша біз атап өткен шараларға жұмсалатын жалпы қаржы көлемі 136,2 млрд. теңгені құрайтын болады», - деді К. Мәсімов.