Еліміздің бұрынғы Премьер-Министрі Д.Ахметов Еуразиялық экономикалық комиссияның мүшесі болып тағайындалды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Даниал Ахметов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
None
None

«Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы болып Ресей Федерациясынан Виктор Христенко тағайындалған болатын. Ал Қазақстан тарапынан алқаның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі мүшесі болып Даниал Ахметов, экономика және қаржы саясаты жөніндегі мүшесі болып Тимур Сүлейменов, бәсекелестік және антимонополиялық реттеу мүшесі болып Нұрлан Алдабергенов тағайындалды», - деді ол.

Үкімет басшысының атап өтуінше, 1 қаңтардан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмыс істей бастайды. Еуразиялық экономикалық комиссия туралы келісімге қол қойылған және комиссия кеңесі мен комиссия алқасы деп аталатын 2 ұлтүсті органдар құрылды.

Соңғы жаңалықтар