Еліміздің дарынды оқушылары Машат шатқалындағы жазғы лагерьде демалатын болады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Жүздеген атыраулық балалар Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі лагерьде демалып жатыр.
None
None

Табиғаты әсем Машат шатқалындағы лагерь таудың етегінде, таза тау өзенінің маңында орын тепкен. Атыраулық жас өрендер мұнда 12 күн бойы демалады.

«Бізде мұндай таулар жоқ. Ертегілер еліне тап болғандай әсерде жүрміз», - дейді атыраулық оқушы Александр Югай.

Лагерь аумағында бассейн, спорт алаңы бар. Балалардың уақыттарын тиімді әрі көңілді өткізуі үшін барлық жағдай жасалған.

Қазіргі кезде лагерьде Атыраудан келген 300 бала демалуда. Жаз соңына дейін тағы сонша өрен келмек. Демалушылардың ішінен аса белсенділік танытқандары лагерьдің жабылу салтанатына шақырылатын болады.

Келесі жылдан бастап Қазақстанның дарынды оқушылары да Машат шатқалында демалатын болады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар