Еліміздің халық қалаулылары Санкт-Петерборда өтетін ТМД, ЕЭҚ, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы тұрақты комиссиясының отырысына қатысады

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Еліміздің халық қалаулылары Санкт-Петерборда өтетін ТМД, ЕЭҚ, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы тұрақты комиссиясының отырысына қатысады.
None
None

 Бұл туралы бүгін елордада өткен брифинг барысында  ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің ресми  өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«21-23 қараша аралығында Санкт-Петерборда ТМД, Еуразиялық экономикалық қауымдастығы және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік ассамблеясы тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. Оған Қазақстан Парламентінің Сенаты мен Мәжіліс депутаттары қатысады», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, Сенат төрағасы Қайрат Мәми мен Мәжліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин басқарған қазақстандық делегация «Еуразиялық экономикалық бірігу, қалыптасу және даму» атты  форумға да қатыспақ.

«Жиында интеграциялық процестерге қатысушы мемлекеттердің жақындасуы мен заңнамаларын үйлестіруге қажетті өзекті мәселелер қарастырылады деп күтілуде», - деді А.Әбибуллаев.

Соңғы жаңалықтар