Еліміздің оңтүстік өңірлерінде егіс алқаптарын әртараптандыру мәселесі оңды шешімін таппай отыр - Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ғылыми және заманауи тәжірибе бойынша бұл көрсеткіш 15 пайыздың көлемінде болуы керек.
Қазіргі таңда елміздің солтүстік аймақтарында жаппай бидай егіліп жатса, оңтүстікте мақта, күріш алқаптарын әртараптандыру мәселесі әлі шешілмей тұр.
Министрлік өкілдерінің пікірлерінше, елдегі егіс алқаптарын әртараптандыруға шаруаның қолы тие бермейтіндігі әрі олардың жаңа бастамаға да сенімсіздікпен үрке қарайтыны да белгілі. Дегенмен елдегі әрбір шаруа өз меншігіндегі немесе пайдаланып отырған егістіктің құнарын құртып алмауға ынталы болуы керек. Жеке шаруаларға қазір «бидай» немесе «мақта», болмаса «күріш» алқаптарын қысқартыңдар деп ешкім де кесіп айта алмайды. Соған қарамастан олар бөлініп жатқан субсидиялар, мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қолдау екенін түсінуі керек.