Еліміздің оңтүстік өңірлерінің экономикасын көтеруге көп көңіл бөлу керек - Президент
«Еліміздің оңтүстік өңірлерінің экономикасын көтеруге көп көңіл бөлінуі керек. Себебі, бұл аймақтарда халық көп тұрады. Соған байланысты жұмыссыздық проблемасы бар, әсіресе, жастар арасында. Сондықтан да оңтүстік өңірлердің экономикасын көтеруге жұмыс жасауымыз керек», деді Н. Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында бүгін Таразда өткен бизнес-форумда сөйлеген сөзінде.
Президент Жамбыл облысында атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатынын білдірді. «Облыс бойынша жұмыс жақсарып келеді. Қаланың ішін аралап, өндіріс орындарында болдым. Халықтың көңіл-күйі, қаланың тазалығы жақсы. Қала көгалдандырылуда. Халықты ауызсумен қамтамасыз ету, тұрғын үйлермен қамту, мектептер мен ауруханаларды салу мәселелері қолға алынып, шешіліп жатыр», деді Мемлекет басшысы.